Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен азаматтарды аталған құқықтары іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң көмегінің мынадай насындары көзделген: ақысыз негізде көрсетілетін заң көмегі; мемлекет кепілдік берген заң көмегі; кешенді әлеуметтік заң көмегі.
Егер "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетілетін заң көмегі Заң көмегі деп танылады.
Кешенді әлеуметтік құқықтық көмек және мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек түрлері болып табылады, көмек олар тегін негізде көрсетіледі. Алайда, кешенді әлеуметтік заң көмегі адвокатпен заң көмегіне жүгінген сәттен бастап және іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға дейін Клиентті құқықтық сүйемелдеумен жасалатын өтеусіз заң көмегі туралы жасалған шарт негізінде көрсетілетінін түсіну керек.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырады.
Кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілуі мүмкін келесі санаттағы адамдар:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
4) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
6) жасына байланысты зейнеткерлерге;
7) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
Өз кезегінде, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жеке және заңды тұлғаларға құқықтық кеңес беру түрінде көрсетіледі. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар.
Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:
1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;
3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Бұдан басқа, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасына 87021181172 телефон нөмірі бойынша, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына 87057450257, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментіне 8 (716 2) 40-15-08 /25-82-42телефондары арқылы хабарласуға болады.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
құқықтық түсіндіру және
халыққа заңгерлік қызмет көрсету
бөлімінің бас маманы
Дмитрий Гаврилов