Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша жұмыс департаменттің есепті кезеңге арналған перспективалық жұмыс жоспарына, Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына, сондай-ақ Әділет министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
Осы жоспарларды орындау мақсатында департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар, дәрістер өткізілуде. Мәселен, есепті кезеңде аудандық бөлімшелер аудандық ұйымдарда 7 семинар өткізіп, 4 дәріс оқыды.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу – біздің міндетіміз» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сипатында семинарлар өткізуде.
2023 жылдың 5 айында келесі оқу орындарының осындай 8 семинар Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, Есіл агротехникалық колледжінің, Бурабай ауданының жоғары техникалық колледжінің, Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық колледжінің, Целиноград ауданының Ақмол а. №5 орта мектебінің, Бурабай ауданының орман шаруашылығының жоғары колледжінің, Ақкөл қаласының №1 орта мектебінің студенттері мен оқушыларының арасында өткізілді.
Департамент пен ауданаралық бөлімшелердің интернет-ресурстарында және БАҚ басылымдарында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары мен этикалық нормаларды түсіндіру бойынша қызметкерлердің мақалалары жарияланады.
Есепті кезеңде баспа басылымдарында 5 мақала және интернет-ресурстарда 22 ақпараттық материал жарияланды.
Тоқсан сайынғы негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жай-күйіне мониторинг, басқарма қызметкерлерінің әрекетіне келіп түскен дәлелді шағымдардың себептері мен шарттарына талдау жүргізіледі.
Көрсетілген талдау жеке және заңды тұлғалардың бастапқы және қайталама өтініштеріне талдау жүргізу бойынша департаменттің сараптау комиссиясының отырыстарында қаралады.
Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды өткізу кезінде басқарма басшылығы аудио/бейне жазбаны қолданады.
2023 жылғы 5 айда барлығы 46 жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүргізілді, оның ішінде 3 көшпелі қабылдаулар.
Жоспарға сәйкес Департамент тіркеу қызметі, атқарушылық іс жүргізу, зияткерлік меншік құқығы, заң қызметтерін көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Департаменттің қызмет бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2023 жылғы 31 мамырда Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК № 65 мекемесіне бару ұйымдастырылып, қызметкерлерге мекеме бойынша жалпы экскурсия жүргізілді.
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте атқарушылық іс жүргізу бойынша Call-орталығы, Сенім телефоны, Құқықтық ақпарат қызметі жұмыс істейді.
Аталған қызметтердің қызметі жауапты қызметкерлердің күнделікті кезекшілігімен қамтамасыз етіледі, телефон номерлері департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылған.
2023 жылғы 28 мамырда департаменттің Instagram желісіндегі парақшасында Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, нотариалдық палата, жеке сот орындаушылары палатасы өкілдерінің, адвокаттар алқасы және заң консультанттары қатысуымен «Әділет органдарының ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі этикалық нормаларды бұзудың, сыбайлас жемқорлықтың, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды қабылдайды, Департамент қызметкерлеріне және азаматтарға заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу бойынша күнделікті кеңестер береді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің түсіндіру жұмыстары дәрістер мен семинарлар, әңгімелер, баяндамалар түрінде ұсынылады. Тиімділікті арттыру үшін әлеуметтік желілер, ZOOM платформасы кеңінен қолданылады.
Осылайша, есептік кезеңде қызметтік Әдеп нормаларын сақтау бойынша 10 іс-шара, оның ішінде БАҚ баспа басылымдарында – 1, интернет-ресурстарда – 3, 6 – семинар өткізілді.
2023 жылғы 28 сәуірде Әдеп жөніндегі уәкіл Г.М. Сагадиева «Kokshe» РТРК Ақмола облыстық филиалының арнасында «Ақмола облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің негізгі бағыттары туралы» тақырыбында сөз сөйледі, Гульмира Муталлаевна Департаментте сыбайлас жемқорлықты алдын алу тақырыбын қозғады.
Әдеп жөніндегі уәкіл 14 жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетті.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша педагог – психологының қатысуымен Департамент қызметкерлеріне «Стресске төзімділік» тақырыбында тренинг өткізілді.
Департамент тоқсан сайынғы негізде тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс кәсіпорындарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Әдеп нормаларын сақтау әділет органдарының басымды бағыты болып табылады және департамент басшылығының жеке бақылауында.
Әкімшілік бөлімінің басшысы Д. Ибраева