Ақмола облысының Әділет департаментінде және аумақтық бөлімшелерде 2022 жылдың 4 тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша ақпарат

 

 

         Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2022 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға және қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

         2022 жылдың 4 тоқсанында барлығы 24 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - шаралар өткізілді, оның ішінде БАҚ-та– 7, интернет – ресурстарда - 8 жарияланымдар, дәрістер-2, семинарлар-7.

         Есепті кезеңде қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша 5 іс-шара өткізілді, оның ішінде дәрістер -2, семинарлар-3.

         Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте облыстың сот орындаушыларының қызметі мәселелері жөніндегі Колл-орталық жұмыс істейді; " «сенім телефоны».

         Сонымен қатар, азаматтарға тегін құқықтық көмек алу бойынша Құқықтық ақпараттық қызмет жұмыс істейді.

         Аталған қызметтердің қызметі жауапты қызметкерлердің күнделікті кезекшілігімен қамтамасыз етіледі, телефон нөмірлері департаменттің интернет – ресурстарында орналастырылған.

         Есепті кезеңде департаменттің «сенім телефонына» облыстың әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарламалар түскен жоқ.

         Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді көрсететін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақпараттық сервисіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Әділет министрінің 09.03.2021 жылғы № 55 бұйрығының 3-тармағын орындау үшін тоқсан сайын Ақмола облысы бойынша ҚР БП ҚСЖҚ және СУ-мен қозғалған қылмыстық істер және өзге де қылмыстар бойынша салыстыру жүргізіледі.

         ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық сервисінің мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 4 тоқсанында департаменттің 9 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл мөлшері 107 205 теңгені құрады (бюджетке енгізілді).

         Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді, Департамент қызметкерлеріне заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша консультация береді, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне сауалнама жүргізеді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әділет органдарының басым бағыты болып табылады және Департамент басшылығының жеке бақылауында болады.

 

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бас маманы                                                                         С. Абильдина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 декабря 2022