Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

«Ақмола облысының Әділет департаменті» РММ, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 37, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 25-82-50 тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу туралы жариялайды.

Аттестатациялау 2022 жылдын 19 желтоқсанында сағат 10:00 өткізілетін болады.

Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Аттестаттау  «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, 2020 ж. 29.05. № 69 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 141 бабының 1 тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Заңның 141-1-бабының 2 тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.   

 «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140 бабының  2 тармағында көзделген негіздер бойынша, нақтырақ, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адамдарға аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

Құжаттар Ақмола облысы Әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Аттестаттау өткізу орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы,37

Аттестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

- жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2022