Ақмола облысы Әділет департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың 2 тоқсанында сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
2022 жылдың 2 тоқсанында 54 сыбайлас жемқорлық іс-шарасы, оның ішінде 3 «дөңгелек үстел», 11 семинар, 11 БАҚ және 17 интернет-ресурс жарияланымы, 12дәріс өткізілді.
Әдеп нормаларын сақтау бойынша 27 іс-шара өткізілді, оның ішінде 14-семинар, 8-дәріс, 2-БАҚ да, 3- интернет-ресурстарда жарияланым
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдары құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте облыстың сот орындаушылары қызметі мәселелері бойынша Call-орталық, «Сенім телефоны» іске қосылған.
Сонымен қатар азаматтарға тегін құқықтық көмек алу Құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді.
Аталған қызмет орындарының қызметі күн сайын жауапты қызметкерлердің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Олардың телефон нөмірлері Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған.
Департаменттің «Сенім телефонына» есептік кезеңде облыстың әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері туралы хабарламалар келіп түспеді.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді көрсететін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисінде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Әділет министрінің 09.03.2021 жылғы № 55 бұйрығының 3-тармағын орындау үшін тоқсан сайын қозғалған қылмыстық істер және өзге де қылмыс бойынша ҚР БП ҚСжАЕ Ақмола облысы бойынша басқармасымен тексеріледі.
ҚР БП ҚСжАЕК Ақпараттық сервисі ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен 2022 жылдың 2-тоқсанында Департаменттің 3 қызметкері әкімшілік жауапкерлішікке тартылған. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде салынған айыппұл мөлшері - 30 265 теңге (бюджетке енгізілді).
Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормалары бұзушылықтарының профилактикасына бағытталған іс-шараларды өткізеді, Департамент мемқызметшілеріне заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне сауалнама өткізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әділет органдарының басым бағыты әрі Департамент басшылығының жеке бақылауында тұр.
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бас маманы С. Абильдина