Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша нормалар көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 5 тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобарын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға міндетті түрде мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобалары жатады.
Нормативтік құқықтық актінің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама оны әділет органдарына келісуге енгізгенге дейін жүргізіледі. Нормативтік құқықтық актінің жобасын әділет органдарының қарауына енгізген кезде әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және үйлестірушінің атына жіберілген сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелері бар хаттың көшірмесін қоса береді.
Нормативтік құқықтық актінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мерзімі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.
Сараптаманың қорытындысы бойынша сарапшы НҚА әрбір жобасы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстармен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдармен қорытынды дайындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
НҚА жобалары бойынша осы сараптама, әзірлеушімен оны әзірлеу сатысында жеткіліксіз негізделген НҚА жобасын жасыруға немесе мүдделік қолдауға бағытталған жемқорлыққа бейім нормаларды алып тастауға өз септігін тигізеді.
С. Кантарбаева
Ақмола облысы Әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы