Ақмола облысы Әділет департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың I тоқсанында сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
2022 жылғы 10 наурызда Департамент Департаменттің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітті.
Аталған жоспарға сәйкес Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарушылық өндіріс бойынша келіп түскен дәлелді шағымдардың себептері мен жағдайларына талдау жүргізді.
2022 жылғы 18 ақпанда Департамент аппаратының, ауданаралық әділет басқармаларының, аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің, Ақмола облысы бойынша сот сараптамалары институтының қызметкерлерімен 2021 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар ҚР ӘМ талдауын қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарының сақталуы жөнінде семинар өткізілді.
Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында 2022 жылғы 4 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді.
Аталған семинарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі А.А. Галеева Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізгі бағыттарымен таныстырды, ал Департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Г.М. Акимова Департамент қызметкерлерін «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексімен таныстырды.
Департамент пен ауданаралық әділет басқармаларының интернет-ресурсында, БАҚ-та ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша мақалалар жарияланды.
2022 жылдың 1 тоқсанында бас-аяғы 51 сыбайлас жемқорлық іс-шарасы, оның ішінде 1 «дөңгелек үстел», 6 семинар, 10 БАҚ және 28 интернет-ресурс жарияланымы, 6 дәріс өткізілді.
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдары құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте облыстың сот орындаушылары қызметі мәселелері бойынша Call-орталық, «Сенім телефоны» іске қосылған.
Сонымен қатар азаматтарға тегін құқықтық көмек алу Құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді.
Аталған қызмет орындарының қызметі күн сайын жауапты қызметкерлердің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Олардың телефон нөмірлері Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған.
Департаменттің «Сенім телефонына» есептік кезеңде облыстың әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері туралы хабарламалар келіп түспеді.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді көрсететін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисінде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Әділет министрінің 09.03.2021 жылғы № 55 бұйрығының 3-тармағын орындау үшін тоқсан сайын қозғалған қылмыстық істер және өзге де қылмыс бойынша ҚР БП ҚСжАЕ Ақмола облысы бойынша басқармасымен тексеріледі.
ҚР БП ҚСжАЕК Ақпараттық сервисі ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен 2022 жылдың 1-тоқсанында Департаменттің 6 қызметкері әкімшілік жауапкерлішікке тартылған. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде салынған айыппұл мөлшері - 88 970 теңге (бюджетке енгізілді).
Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормалары бұзушылықтарының профилактикасына бағытталған іс-шараларды өткізеді, Департамент мемқызметшілеріне заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне сауалнама өткізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әділет органдарының басым бағыты әрі Департамент басшылығының жеке бақылауында тұр.
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бас маманы С. Абильдина