Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр адамның азаматтық борышы!

Мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.

Жаңа жаһандық тегеурінді талаптар мен жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері белгіленді.

Аталған стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың идеологиялық негізі ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысаны мен көріністеріне қарсы ымырасыз іс-қимылды көздеп, алдағы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-шаралардың маңызды бағыттарын айқындады.

Құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жою – Қазақстан үшін әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екені даусыз.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты заманауи даму кезеңінде тұр. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданып,  сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз ететін жағдайлар жасауға бағытталып отыр.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінен қоғамға келтірілетін залалды болғызбай, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізудің тетіктері де маңызды фактор болмақ.

Дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл үшін азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымын білдіргені қажет. Сол себепті сыбайлас жемқорлықты төмендету өз үлесің қосу – әр адамның азаматтық борышы.

Ақмола облысының Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.

Департамент және облыстық ауданаралық әділет басқармаларының ведомстволық сайтында және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарылған жұмыстар, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат орналастырылады.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау атқарушылық іс жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша қызметінде, Департаменттің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде, заң консультанттары қызметінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, зияткерлік меншік мәселелері бойынша, мемлекеттік сатып алу саласы бағыттарын қамтиды.

Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде семинарлар, «дөңгелек үстел» өткізіліп тұрады.

Әділет органдарыныың қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдары құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте облыстың сот орындаушылары қызметі мәселелері бойынша Call-орталық, «Сенім телефоны» іске қосылған.

Сонымен қатар азаматтарға тегін құқықтық көмек алу Құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді.

Аталған қызмет орындарының қызметі күн сайын жауапты қызметкерлердің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Олардың телефон нөмірлері Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әділет органдарының басым бағыты әрі Департамент басшылығының жеке бақылауында тұр.

Мен парасаттылық идеясын кеңінен насихаттау мен қазақстандық қоғамның түрлі топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту бойынша белсенді жұмыс жасау осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін күшейтеді және арттырады деп есептеймін.

 

Д.М. Ибраева,

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

бөлім басшысы.

 

 

 

 

Дата публикации
24 марта 2022