«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті» РММ(1 тарап), «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ (2 тарап), «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті» ММ (3 тарап), «Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті» (4 тарап), «Ақмола облысының рестораторлар мен отельерлер» қоғамдық бірлестігі (5 тарап), сондай-ақ бұдан әрі Тараптар деп аталатын өнімнің құқық иеленушілері мен өндірушілері.
отырып;
төмендегілер туралы меморандумға отыруға келісті:
Тараптар кәсіпкерлер субъектілері үшін зияткерлік меншік құқықтары жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігін түсіне отырып, Тараптардың осы саладағы ұйымдастырушылық ресурстарын, техникалық әлеуетін, білімі мен тәжірибесін ескере отырып, зияткерлік меншік объектілерін қорғау жөніндегі ынтымақтастықты іске асыру туралы өзара келісімге келді.
Тараптар ынтымақтастық нарықтың барлық субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін пайдалануын кеңейтеді және «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБҚИ рейтингінде Қазақстанның позициясын нығайтады деп келіседі.
Меморандумды іске асыру Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы»Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралыАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарының негізінде жүзеге асырылады.
Меморандум зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласында ақпараттық-консультациялық іс-шаралар өткізу бойынша бірлескен қызметті үйлестіру мақсатында ерікті әріптестік қағидаттарына негізделеген.
Ынтымақтастық мақсаты:
-зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласында консультациялар беру;
-зияткерлік меншік саласындағы әр түрлі кәсіби топтардың жалпы білім деңгейін арттыруға арналған бірлескен тренингтер, семинарлар ұйымдастыру;
- жосықсыз бәсекелестіктен, плагиаттан қорғауға жәрдемдесу және контрафактілік өнім айналымының жолын кесу;
- тұрғындар арасында өзара қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу, контрафактілік өнімдер, бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу болып табылады.
Тараптардың ортақ мақсаттарына қол жеткізу мүддесінде:
- 1 тарап ынтымақтастық бағдарламаларын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
- тараптар ынтымақтастық туралы ақпаратты өздерінің интернет-сайттарында орналастырады;
- тараптар ұсынған роликтерді орналастырады;
- 1 тарап бұқаралық ақпарат құралдарында зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнама нормалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
-тараптар әрбір тарап ұйымдастыратын іс-шараларды өткізуге шақырады.
Тараптар:
-бірлескен қызмет процесінде белгілі болған ғылыми-техникалық және коммерциялық сипаттағы құпия мәліметтерді жария етпеуге;
- бір-біріне патенттік, авторлық және коммерциялық құқықтарды қорғауға, үшінші тұлғалар жағынан жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға көмек көрсету;
- ортақ қызмет үшін қажетті барлық материалдарды бір-біріне беруге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір-біріне құқықтық, ғылыми-техникалық, технологиялық және өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптан Меморандум мен Тараптардың құзыреті шегінде Тараптардың қызметіне қатысты қажетті ақпарат пен кеңестер беруді сұратуға құқылы.
Меморандумды орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына негізделеді. Нақты қолданыстағы тараптардың Меморандумынан туындайтын міндеттемелерді жүзеге асыру нысандарын, онда көрсетілген бірлескен мақсаттарға қол жеткізу тәртібін, мерзімдерін және өзге де шарттарын тараптар қосымша айқындайтын болады.
Меморандум мақсаттарына қол жеткізу үшін Тараптар өздеріне ақпарат және бейне-құжаттамалармен, нормативтік құжаттармен алмасу, іс-қимылдарды үйлестіру және келіссөздер жүргізу, кеңестерге бірлесіп қатысу және өзара іс-қимыл мен келісімге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-қимылдар міндеттемесінқабылдайды.
Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Меморандум бір жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың ешқайсысы ағымдағы кезең аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын өзінің құрамынан шығу ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе, автоматты түрде ұзартылады. Жазбаша хабарлама алынған жағдайда Меморандумнан шығуға ниет білдірген қатысушысыз және Меморандумға қол қойғандардың құрамынсыз ұзартылады.
Көкшетау қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде 2021 жылғы «14» шілдеде жасалған.
Түпнұсқа данасы Әділет департаментінде, көшірмелері меморандумға қол қойған тараптарда сақталады.
Ақмола облысы Ақмола облысы
Әділет департаментінің бойынша Экономиқалық
басшысы тергеп-тексеру департаметінің
__________ Б.О. Муханов басшысы
___________ Н.Р. Төлеутай
Ақмола облысының Ақмола облысының
Полиция департаменті кәсіпкерлік және
бастығының орынбасары өнеркәсіп басқармасының
полиция полковнигі басшысы
__________Е.М. Қасым __________ Е.А. Оспанов
«Ақмола облысының «Клименко» ЖК
рестораторлар мен отельерлер» Блок питания асханасы
қоғамдық бірлестігінің ЖСН 830131450731
басшысы заңды мекенжайы: Көкшетау қ.
__________ Ш.Ч. Абуталипова Абай к-сі, 173 үй
___________ Я.Н. Клименко
Аумақтық менеджер «Гормолзавод» ЖШС
«Welldis c TM Maccoffee» ЖШС директоры
___________ Сирык О. ___________ Е.Д. Жақсылыков
«Global Sales Group» ЖШС
директоры
___________ Н.Г. Сексенбаев