Ақмола облысы Әділет департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылы сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, бекітілді. Олар интернет-ресурсқа орналастырылды және аумақтық бөлімшелерге жіберілді.
Әділет министрлігінің 29.01.2021 жылғы № 26-н бұйрығына сәйкес, Министрліктің 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспарды орындау үшін 15.02.2021 жылы Департаменттің 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Аталған жоспарларды орындау үшін Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Ақмола облысының «Nur Otan» партиясы филиалы өкілдерінің, «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық сыбайлас жемқорлық кеңсесі жетекшісінің қатысуымен бірлескен семинарлар өткізілді.
Сондай-ақ Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлер үшін тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық профилактикасы және Әдеп кодексі нормаларын сақтауы бойынша семинарлар өткізді.
Департамент және облыстық ауданаралық әділет басқармалары сайтында тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат орналастырылды.
Департамент пен ауданаралық әділет басқармаларының интернет-ресурсында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша мақалалар жарияланды.
19.03.2021 жылы Департаменттің атқарушылық іс жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша қызметінде, Департаменттің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде, заң консультанттары қызметінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, зияткерлік меншік мәселелері бойынша, мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бекітіліп, өткізілді. Аталған талдау ҚР Әділет министрлігіне жолданды.
ҚР әділет органдары қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесі бойынша ҚР Әділет министрлігінің аппараты басшысының 28.05.2021 жылғы № 146-н бұйрығымен әділет органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес, тоқсан сайын азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерінің себебіне, оларды сапалы және уақытылы қарауына талдау жүргізілді.
2021 жылы бас-аяғы 135 сыбайлас жемқорлық іс-шарасы, оның ішінде 16 «дөңгелек үстел», 33 семинар, 3 БАҚ және 53 интернет-ресурс жарияланымы, 30 дәріс өткізілді.
Әділет органдарыныың қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдары құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте облыстың сот орындаушылары қызметі мәселелері бойынша Call-орталық, «Сенім телефоны» іске қосылған.
Сонымен қатар азаматтарға тегін құқықтық көмек алу Құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді.
Аталған қызмет орындарының қызметі күн сайын жауапты қызметкерлердің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Олардың телефон нөмірлері Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған.
Департаменттің «Сенім телефонына» есептік кезеңде облыстың әділет органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері туралы хабарламалар келіп түспеді.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді көрсететін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисінде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Әділет министрінің 09.03.2021 жылғы № 55 бұйрығының 3-тармағын орындау үшін тоқсан сайын қозғалған қылмыстық істер және өзге де қылмыс бойынша ҚР БП ҚСжАЕ Ақмола облысы бойынша басқармасымен тексеріледі.
ҚР БП ҚСжАЕК Ақпараттық сервисі ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен 2021 жылы Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін Департаменттің 11 қызметкері әкімшілік жауапкерлішікке тартылған. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде салынған айыппұл мөлшері - 282 802,5 теңге. Айыппұлдар төленген.
Осы мәселе Департамент аппараты, ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинарда қаралды. Онда барлық қызметкер әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікте болатыны жөнінде ескертілді.
Департамент басшысы тоқсан сайын «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдайды. Сондай-ақ аудандық партия филиалдарында «көшпелі» қабылдау өткізеді.
Департамент қызметкерлері тоқсан сайын Ақмола облысының ұйымдарында «Әділет кеңес береді» атты акцияны өткізіп жүр.
Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормалары бұзушылықтарының профилактикасына бағытталған іс-шараларды өткізеді, Департамент мемқызметшілеріне заңнаманы түсіндіру, бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне сауалнама өткізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әділет органдарының басым бағыты әрі Департамент басшылығының жеке бақылауында тұр.
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бас маманы С.Абильдина
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
басшысы Д.Ибраева