Ақмола облысының Әділет департаменті 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қызмет туралы ақпарат

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің жұмысы әділет органдарының қызметіне қатысты түсіндіру іс-шараларын, сондай-ақ ҚР Президентінің «2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру бойынша Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» жарлығымен бекітілген іс-шараларды және өзге де ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Әділет департаменті «Вконтакте», «Facebook», «Инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы халықтың қалың тобына әділет органдарының қызметіне және құқықтық түсіндіру сипатындағы іс-шараларды жариялайды.

Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Әділет департаментінің сайты арқылы «Вконтакте», «Facebook», «Инстаграм» әлеуметтік желілері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық өткізілетін іс-шараларды жариялайды. Осы әлеуметтік желілерде әділет органдарының қызметі туралы ақпараттық сипаттағы материалдар орналастырылады.

Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ әділет органдары қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Әділет департаментімен, сондай-ақ облыстың ауданаралық әділет басқармаларымен 332 (2019ж.-366) іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде: баспа БАҚ-та-40 (2019ж.-36), ТВ -5 (2019ж.-7), интернет порталдарда (әлеуметтік желілерде) -147 (2019ж.-182), 27 (2019ж.-39) дөңгелек үстелдер; дәрістер-56 (2019ж.-53), семинарлар-53 (2019ж.-47), «Ашық есік күндері» -2(2019ж.-3); Аадал көмек-2» жобасы шеңберінде тікелей эфир.

Нотариаттық қызмет бойынша

Нотариустардың жалпы саны – 136 (2020 ж. - 129), бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 нотариусқа артық.

Жасалған нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 9 (2020ж. - 9) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Енгізілген ұсынымдарды қарау нәтижелері бойынша жекеше нотариустардың 0 (2020 ж. - 0) лицензиясы тоқтатылды.

Тәртіптік жауапкершілікке 0 (2020 ж. – 2) нотариус тартылды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 нотариусқа аз, 0 (2020 ж. – 4) нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ӘД нотариустардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағымдардың саны – 18, оның ішінде 4 негізделген деп танылды: 2 нотариус З.х. Рамазановқа қатысты (осыған байланысты Ақмола облысы аумақтық нотариаттық палатасының атына 2 ұсыныс жолданды. Осы уақытқа дейін аталған ұсыныстар тәртіптік комиссия құрамына өзгерістер енгізілуіне байланысты әлі қаралған жоқ), 1 жеке нотариус Л.В. Саурбаеваға қатысты (шағым расталды, Департамент Ақмола облысының аумақтық нотариаттық палатасына ұсыныс жіберді. Алайда, тәртіптік комиссияның 2021 ж. 19 ақпандағы № 3 шешімімен жекеше нотариус Л.В. Саурбаеваға қатысты тәртіптік іс жүргізу оның іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауы салдарынан тоқтатылды), 1 жеке нотариус А. В. Биляловаға қатысты (шағым расталды, Департамент Ақмола облысының аумақтық нотариаттық палатасына ұсыныс жіберді (қарауда жатыр).

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығын лицензиялау салысы бойынша

Аттестаттау комиссиясының 5 отырысы өткізілді, оның ішінде адвокаттық қызмет бойынша - 3, нотариаттық қызмет бойынша – 2.

11 үміткер аттестатталды, оның ішінде адвокатура бойынша – 4, нотариат бойынша -7, 31 үміткер аттестаттаудан өтпеді, оның ішінде адвокатура бойынша-20, нотариат бойынша-11.

Аттестаттауды өткізу бойынша шағымдар жоқ.

Адвокаттық қызмет бойынша

Адвокаттардың жалпы саны – 339 (2020 ж. – 328), бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11 адвокатқа артық.

1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 18 (2020ж. - 21) жұмыс істейді.

Әділет департаменттері 155 (2020 ж. – 209) адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасасты, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54 адвокатқа аз.

2021 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 141 млн.215 мың теңге бөлінді.

Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны 2981 (2020 ж. – 3941) құрайды.

Есепті кезеңде соттар, тергеу және анықтау органдары шығарған қаулылар саны 2874 (2020 ж. – 3820) құрады.

Департамент ай сайынғы негізде заң көмегін көрсету туралы қаулылардың Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша ҚР ӘМ 28.09.2018 ж. № 1462 бұйрығымен бекітілген талдау жүргізеді.

2021 жылдың алты айында Ақмола облысы Әділет департаментінің атына заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттардың іс – әрекетіне 21 (2020 ж. - 10) өтініш келіп түсті. Департамент келіп түскен өтініштердің негізінде Ақмола облыстық адвокаттар алқасы (бұдан әрі – алқа) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚРЗ 72 бабына (бұдан әрі-Заң) сәйкес тиісті тексеру жүргізу үшін ұсыныстар енгізді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 2 (2020ж. - 0) адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заң консультанттары палатасы бойынша

Заң консультанттарының жалпы саны - 187. Заң консультанттарының                        1 аумақтық палатасы жұмыс істейді.

Жыл басынан Заң консультанттарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 3 шағым келіп түсті, шағымдар расталмады.

Құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша барлық 187 заң консультанты «СК Сентрас Иншуранс», «СК Номад Иншурас», «СК Комеск Өмір» АҚ кәсіби жауапкершілік шарттарын жасасты.

Заң консультанттары есепті кезеңде 3 азаматқа кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетті.

 

 

Ақмола облысының Әділет департаменті

құқықтық түсіндіру және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 октября 2021