Ақмола облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 

 

2021 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті мемлекеттік органдарымен әділет органдарына келісуге 552 НҚА жобасы ұсынылды, 242 НҚА жобасы келісілді, 18 НҚА жобасын келісуден бас тартылды, 0 НҚА жобасы пысықтауға қайтарылды, 257 НҚА жобасы мемлекеттік органдармен қайтарып алынды, 35 НҚА жобасы қарауда.

         2021 жылдың 1 жартыжылдығында Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге 216 акті тапсырылды. НҚА мемлекеттік тіркеу аясында 213 акті тіркелді.

         Мемлекеттік тіркеуден 0 актіге бас тартылды, заң сараптамасын өткізбей 0 акті қайтарылды, жергілікті мемлекеттік органдармен пысықтау үшін 3 акті пысықтауға қайтарылды.

Республикалық «Заң» деректер қорына енгізу үшін «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК Көкшетау филиалына 213 акті жолданды.

         ҚР НҚА мемлекеттік тіркеудің өңірлік тізіліміне тіркелген, өзгерген, толықтырылған және күші жойылды деп танылған НҚА бойынша мәліметтер уақытылы енгізіледі.

Бөліммен 2020 жылғы Ақмола облысының жергілікті мемлекеттік органдарының тіркелген НҚА құқықтық мониторингі жүргізілді.

Мониторинг 1115  (2019 жылы - 728 НҚА) тіркелген, қолданыстағы НҚА (өзгерістер мен толықтыруларды есепке алмағанда) қатысты жүргізілді.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 19 тармағын іске асыру үшін 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қабылданған НҚА салыстыру жүргізілді.

ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен салыстыру жүргізу барысында жергілікті мемлекеттік органдардың 7517 актісі (2020 жылдың өткен кезеңінде – 6408 акті) зерделенді.

2021 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Ақмола облысы Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органдардың мекенжайына 10 НҚА қатысты 10 ұсыныс енгізілді (олардың ішінде құқықтық мониторинг бойынша 10 НҚА қатысты 10).

Ұсыныстарды қарастырудың қорытындылары бойынша 1 лауазымды  тұлға сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті мемлекеттік органдардың мекенжайына 86  НҚА қатысты 21 ақпараттық хат жолданды (олардың ішінде құқықтық мониторинг бойынша 86 НҚА қатысты 21).

Ақпараттық хаттарды қарастырудың қорытындылары бойынша 1 лауазымды  тұлға ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есептік кезеңде Ақмола облысы Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметкерлерімен 1 семинар-кеңес өткізілді.

          Әділет департаментінің веб-сайтында 3 ақпарат орналастырылды (тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі, құқықтық мониторингтің қорытындылары туралы ақпарат, семинар-кеңес өткізілгендігі туралы ақпарат).

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының 2021 жылғы 15.01. № 16-н бұйрығымен бекітілген, Ақмола облысы Әділет департаментінің келешекке арналған жоспарына сәйкес коллизиялар мен қайшылықтарды анықтау мақсатында барлық қолданыстағы НҚА камералды бақылау жүргізілді. Камералды бақылау қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы әкімінің атына 1  НҚА қатысты 1 ақпараттық хат жолданды.

Есептік кезеңде Ақмола облысының Әділет департаментімен «Вести Енбекшильдерья»  аудандық газетте «Новшества в законодательстве» тақырыбында мақала жарияланды.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Әкімшілік –құқықтық бөлімі

 

 

 

 

Дата публикации
10 августа 2021