«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау әрбір мемлекеттік органның, оның ішінде зияткерлік меншік құқығы бөлімнің зияткерлік меншік қызметіндегі кемшіліктерді анықтау және жою жөніндегі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқығы бөлімі азаматтарды жеке қабылдауға үлкен мән береді, осылайша жартыжыл ішінде бөлім ҰЗМИ-де АЖ тіркеу және ҚР Патент Заңының 33-бабы тәртібінде сотқа берген кезде өтініштерді дұрыс ресімдеу мәселелері бойынша 45 азаматты жеке қабылдауды жүзеге асырды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 10-2-8/И-903 (тауарлар шығарылатын орындар атауларының ұлттық тіркеулерінің санын арттыру) тапсырмасын орындау үшін Ақмола облысының Әділет департаменті тұрақты негізде Ақмола облысының кәсіпкерлік субъектілерімен зияткерлік меншік объектісіне қорғау туралы ZOOM конференция арқылы семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. Осы іс-шараларда бөлім патенттік сенім білдірілген өкілдердің байланыстары бар АЖ тіркеу туралы брошюралар таратады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, қазіргі уақытта АЖ тіркеу бойынша Ақмола облысы III орында тұр.
Бұдан басқа, ауданаралық әділет басқармалары халықпен, оның ішінде ШОБ өкілдерімен көшпелі кездесулерді тұрақты негізде жүзеге асыруда. Аталған көшпелі қабылдауларда 30 азаматты қабылдау жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, АЖ бөлімі мен ауданаралық әділет басқармалары Ақмола облысының қалалары мен аудандарының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге азаматтарды қабылдауға қатысты, онда грант бойынша өз ісін бастаған 25 азаматтың өтініштері қаралды.
Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында зияткерлік меншік құқығы бөліміне 4 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 шағым Мұсатай қаласынан авторлық құқық желісі бойынша келіп түсті, ол адресатқа қайтарылды. Жалпы 2 өтініш авторлық құқық желісі бойынша, 2 өтініш тауар таңбалары желісі бойынша. Келіп түскен барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қаралды және онда көрсетілген өзекті мәселелерді жою бойынша толық жауаптар берілді.
Сондай - ақ, зияткерлік меншіктің құқық иеленушілерінің өкілдерімен бірлескен жұмыс жүргізілуде, ауданаралық әділет басқармаларының басшыларына тауар таңбаларына құқықтарды бұзу фактілерін анықтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілді.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі - Дүниежүзілік экономикалық форумның «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» индикаторын орындау аясында зияткерлік меншік құқығы бөлімі және ауданаралық әділет басқармалары ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында: 35 семинар, 21 дөңгелек үстел өткізді, 44 дәріс оқыды, ТВ - 0, БАҚ - та 3 мақала жарияланды және интернет ресурстарда АЖ желісі бойынша 58 ақпарат орналастырылды.
Бурабай ауданаралық Әділет басқармасы ағымдағы жылдың 15 наурызында «Кәсіпкерлер үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында меншік құқығын тіркеу жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар» тақырыбында азаматтармен ашық есік күнін өткізді.
2021 жылғы 10 наурызда «НҰР ОТАН» партиясының ғимаратында бөлім басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тақырып бойынша «НҰР ОТАН» партиясының сайлауалды тұғырнамасының жоғары технологияларын дамыту бағыты бойынша комиссия отырысына қатысты.
2021 жылғы 26 мамырда Ақмола облысы Әділет департаменті авторлар мен құқық иеленушілер мен кәсіпкерлердің қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар форматында "дөңгелек үстел" өткізді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Ақмола облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты. Әділет департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында және біздің облыстың интернет-ресурстарында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Бөліммен жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Ақмола облысы
Зияткерлік меншік құқығы бөлімі