Ақмола облысы Әділет департаментінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының тармақтарының орындалуы бойынша келесі ақпаратты жолдайды.
Жоспардың 3 тармағы бойынша а.ж. 3 тоқсаны бойынша Әдеп жөніндегі уәкілімен 5 азамат қабылданды. Барлық қабылданған азаматтарға толық кеңестер берілді.
Жоспардың 9 тармағы бойынша 2021 жылғы 30 қыркүйекте тәртіптік комиссияларының әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша шығарылған шешімдеріне талдау жүргізілді. Көрстеліген кезең бойынша Ақмола облысы Әділет департаменті, ауданаралық әділет басқармаларының, аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Жоспардың 12 тармағы бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауына,оның ішінде көрсетілген құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және барынша азайту бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Жоспардың 16 тармағы бойынша Ақмола облысы Әділет департаментімен департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ жағымсыз жарияланымдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
Жоспардың 18 тармағы бойынша Ақмола облысы Әділет департаментінің әдіпе жөніндегі уәкілімен ағымдағы жылдың 3 тоқсаны бойынша 10 іс шара өткізілді (6 семинар, , 1 бейнесюжет, 3 жарияланым).
Жоспардың 22 тармағы бойынша ағымдағы жылғы 09 тамыз күні Ақмола облысы Әділет департаменті«Ұлы Абай Құнанбайұлының мерейтойы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш іс-шараға Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының жанындағы Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, сонымен қатар Әділет департаментінің және аумақтық әділет бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, Абай Құнанбайұлының өлең шумақтарын, қара сөздерін, өмірбаяны туралы бейне-ролигін ұсынылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 09 тамыз күні Ақмола облысының Әділет департаменті «Өз қаландағы Абай ескерткіші» атты челлендж эстафетасын, Павлодар облысының Әділет департаментінен қабылдап, Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне жолдады.
Ағымдағы жылғы 10 тамыз күні Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайамы А. Жаилғановамен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Абай күніне орай «Пайда ойлама, ар ойла» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жоспардың 22 тармағы бойынша ағымдағы жылғы 09 шілде күні Ақмола облысының Әділет департаменті ведомствалық ұйымдардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Әкімшілік-құқықтық бөлімі