2021 жылғы 1 жартыжылдықтағы Ақмола облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу және әдеп нормаларын сақтау бойынша ақпарат
Ақмола облысының Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
2021 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 70 іс - шара өткізілді, оның ішінде дөңгелек үстелдер - 14, семинарлар - 17, дәрістер және т.б. – 24, интернет ресурстарда-15 жарияланым.
Бекітілген кестеге сәйкес департамент басшысы Ақмола облысы бойынша "Нұр отан" партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. Департамент қызметкерлері "Әділет кеңес береді"тоқсан сайынғы акциясына қатысады.
Департамент тұрақты негізде облыстың аумақтық бөлімшелеріне түсіндіру сипатындағы материалдарды (нақты адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша үкімдердің, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің көшірмелері) жолдайды, танысу туралы хаттамалардың көшірмелері ӘД-ға жолданады.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес департамент және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері ғимараттарында мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының мәтіні көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орналастырылған.
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі Cаll орталығы т.255 - 000, 25-82-50, 25-30-87 нөмірлі "сенім телефоны", құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі-119 жұмыс істейді, қызмет нөмірі БАҚ-та, Департаменттің электрондық сайтында орналастырылған жауапты қызметкердің күнделікті кезекшілігімен қамтамасыз етіледі.
2021 жылдың 6 айында сенім телефонына азаматтардан 7 өтініш, Call-орталыққа 3 өтініш келіп түсті, оның ішінде 4 заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша және 6 атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша.
2021 жылдың 6 айында департаменттің сенім телефоны арқылы облыстың әділет органдары қызметкерлерінің тарапынан заңға қайшы не сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарламалар түскен жоқ.
Департамент өз қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жағымсыз материалдарға үнемі мониторинг жүргізіп отырады, көрсетілген кезеңде Департамент қызметкерлеріне қатысты жағымсыз жарияланым фактілері болған жоқ.
Аумақтық бөлімшелердің және департамент аппаратының барлық ғимараттарында азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған, жауапты қызметкерлер бекітілген: аппаратта - әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы және бас маманы, аумақтық бөлімшелерде жауапты қызметкерлер бөлімшелер басшылары болып табылады.
Әдеп нормаларын сақтау бойынша
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, Мемлекеттік органның қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық және қызметтік әдеп мәселелері бойынша консультация беру, мемлекеттік орган басшылығының қызметшіде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі туралы ескерту болып табылады.
Департаментте, Әдеп жөніндегі уәкілге басшының орынбасары Г. М. Акимова бекітілді.
Ақмола облысы Әділет департаментінің, сондай - ақ ауданаралық әділет басқармаларының қызметкерлері 2021 жылдың 6 айында қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша 16 іс - шара өткізді, оның ішінде семинарлар - 4, дәрістер және т.б. – 5, баспа БАҚ-тағы жарияланымдар саны-3, интернет ресурстарда-4.
Тұрақты негізде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әділет департаменті мен Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған қылмыстық, әкімшілік істер туралы мәліметтерді көрсететін ақпараттық сервисіне мониторинг жүргізіледі.
Әділет министрінің 09.03.2021 жылғы № 55 бұйрығының 3-т.орындау үшін тоқсан сайын қозғалған қылмыстық істер және өзге де қылмыстар бойынша ҚР БП ҚСжАЕКБ Ақмола облысы бойынша салыстырып тексеру жүргізіледі, кейіннен оларды Әділет министрлігіне ұсынады.
ҚРҮҚР ҚСжАЕК ақпараттық сервисінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың өткен кезеңінде Әділет департаментінің 5 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл мөлшері 130222,5 теңгені құрады, олар бүгінгі күні өтелді.
Аталған қызметкерлермен алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар, аталған мәселе департамент аппаратының, ауданаралық әділет басқармаларының, аумақтық бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен семинарда қаралып, барлық қызметкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Әділет органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің заңнама нормалары түсіндіріледі.
2021 жылдың 6 айында "ескерту" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке 5 қызметкер тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әділет органдарының басым бағыты болып табылады және Департамент басшылығының жеке бақылауында болады.
Әкімшілік-құқықтық бөлімі
Ақмола облысының Әділет департаменті