«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша оқыту семинар

     

 

2021 жылғы 23 қазанда «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментінің ғимаратында «ҰАТ» АҚ өкілдерінің қатысуымен Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарына арналған оқыту семинары өтті.

Оқыту семинары барысында «ҰАТ» АҚ өкілдері ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалану бойынша сабақтар өткізді.

Семинарды өткізу барысында адвокаттар осы жүйені пайдалану кезінде туындайтын өзекті мәселелерді көтеріп, оларға «ҰАТ» АҚ өкілдері тиісті жауаптар берді.

 

 

Ақмола облысы

әділет департаментінің

Баспасөз қызметі

 

 

Дата публикации
25 октября 2021