Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік жарияланған алғашқы күннен бастап мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттары мен тетіктерін құру бойынша нысаналы кезең-кезенмен жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтегі әр адам, өз жұмысының маңыздылығын және өз елінің патриоты екенін білуі керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшінің меңгеруі тиіс қасиеттері анықталды. Бұл жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным.
Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор объектілері және лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Оның кең таралуы бар.
Осыған байланысты, ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған жоспарды орындау үшін Ақмола облысының Әділет департаменті 2021 жылғы 15 ақпанда ағымдағы жылға арналған ведомстволық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ведомстволық жоспарға сәйкес Ақмола облысының Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді және оларды жою бо йынша ұсыныстар әзірленді.
2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде Әділет департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзуға жол бермегендерін айта кету керек.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және бодырмау мақсатында, жемқорлыққа қарсы қызметтің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен шақыра отырып, Департамент аппараты, ауданаралық Әділет басқармалары және сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімдері қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың және күрестің өзекті тақырыптарына семинарлар (14), дөңгелек үстелдер (12), дәрістер (14) өткізілді.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелері тұрақты негізде қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау тұрғысынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына талдау жүргізеді.
Сонымен қатар, тоқсан сайын негізделген шағымдардың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру жағдайына мониторинг жүргізіледі. Бұл жұмыс өтініш берушілер тарапынан қайталанған және негізделген шағымдардың алдын алу және әділет органдарына жалпы қоғамның сенімін нығайту мақсатында өткізіліп тұрады.
Әділет органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін Департаменттің, ауданаралық Әділет басқармаларының ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.
Әділет органдарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мақсатында Департаментте Call - орталығы жұмыс істейді, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша телефон нөмірі 255-000, «сенім телефоны» 253-087, Департаменттің электрондық сайтында, БАҚ орналастырылған жауапты қызметкердің күнделікті кезекшілігі қамтамасыз етілген құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі-119.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімі