«Ақмола облысының Әділет департаменті» РММ, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 37, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 25-50-00 тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу туралы жариялайды.
Аттестатциялау 2020 жылдын 5 қарашада сағат 10:00 өткізілетін болады.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140 бабының 2 тармағында көзделген негіздер бойынша, нақтырақ, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адамдарға аттестаттауға жiберуден бас тартылады.
Құжаттар Ақмола облысы Әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Аттестаттау өткізу орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы,37
Аттестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;
2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;
- дипломының бар екендігі туралы;
- тағылымдамадан өткендігі туралы;