Әділет органдары мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

 

 

 

 

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 37,  анықтама үшін телефондар:  8(7162) 25-05-20,  25-00-18,  электрондық мекенжайы: D.Ibraeva@adilet.gov.kz  (Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 МБ артық емес, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т. б.) - 5 МБ артық емес) әділет органдары мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

Есіл ауданаралық мәжбүрлеп орындату  аумақтық бөлімінің  сот орындаушысы (2029 ж. 24.03. дейін негізгі қызметкердің  бала күтіміне  байланысты демалыс кезеңіне. Негізгі қызметкер  көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шыға алады), «С-О-4» санаты 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 354 069 мың теңгеден бастап 406 714 мың теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңына және олардың орындалу мерзіміне сәйкес, сот актілерін орындауды жүзеге асыру; жеке және жаңды тұлғалардың шағымдары мен жолданымын тиісті түрде және уақытында қарау, құжаттарды орындау барысы туралы ақпарат ұсыну; азаматтарды қабылауды жүргізу; жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке өндірілген (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және ары қарай пайдалану жөніндегі жұмысты ұйысдастыру; аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есепті құру және іс жүргізу және архивті жүргізу жұмысын ұйымдастыру; статистикалық есепті жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу.

Блок А, грейд 7.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық саласында (заңтану немесе халықаралық құқық) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

          Келесі құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Сондай-ақ, персоналды басқару басқармасымен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару басқармасының (кадр қызметінің) міндеттері жүктелген тұлғамен құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабы 3 тармағына сәйкес бекітліген мемлекеттік қызметкерлердің еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Әділет департаментіне құжаттарын электрондық түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық пошта мекенжайына тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

          2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе еңбек қыметін растайтын құжаттың көшірмесін электрондық тасымалдағышта.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес және мәліметтердің дәйексіз ұсынылуы немесе құжаттардың талаптарға сәйкес болмауы персоналды басқару басқармасымен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару басқармасының (кадр қызметінің) міндеттері жүктелген тұлғамен олардың қарастыруынан бас тартуға негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілу туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттарды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күні ішінде  Әділет департаментінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурстық комиссия отырысына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің, оның ішінде қашықтан бейнебайланыс құралдарды арқылы қатысуына жол беріледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының

мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
1-қосымшасы

 Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________

 _________________________________________________________________

       бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға

       және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                         (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________ ___________________________

       (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2026