Еңбек ұжымдарында идеологиялық ықпалдың алдын алу
Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Rabbit» кинотеатрының өкілімен Бірыңғай цифрлық платформаға тіркелу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесу барысында кинотеатр өкіліне Бірыңғай цифрлық платформада тіркелу және жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кинотеатр өкіліне Бірыңғай цифрлық платформада тіркелуден өту бойынша қажетті ұсынымдар берілді.
2026 жылғы 19 маусымда Абай облысының нотариустарының жалпы жиналысы өтті.
Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру және олардың құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызын талқылау мақсатында аталған іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.С. Сарсенбаева қатысып, баяндама жасады.
Өз сөзінде Ж.С. Сарсенбаева Конституцияның негізгі жаңашылдықтарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктеріне, сондай-ақ нотариат қызметін жүзеге асыру барысында жаңа конституциялық қағидаттарды басшылыққа алудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында нотариустардың кәсіби қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Абай облысының Әділет департаменті ойлануға шақырады:
Егер бір күнге зияткерлік меншік жойылып кетсе не болады?
Әндер, фильмдер, мобильді қосымшалар, тауарлардың танымал белгілері — бұлардың барлығы заңмен қорғалатын зияткерлік еңбектің нәтижесі.
Мұндай қорғау болмаған жағдайда, сапаға деген бағдарлар жойылады, тауарлар мен қызметтерге деген сенім төмендейді,
таңдау жасау қиындайды, ал даму баяулайды.
Зияткерлік меншік құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде,
инновацияларды қолдауда және еңбек нәтижелерін қорғауда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,
зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану
жауапкершілікке әкеп соғады.
Абай облысының Әділет департаменті заң талаптарын сақтауға
және зияткерлік қызмет нәтижелерін құрметтеуге шақырады.
Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында «TAN» қыш және көркемөнер мектебінің оқушыларына семинар өткізілді .
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті ұйымдастырған «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың өткізілу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылып, жастар арасында зияткерлік меншік туралы білімді арттыру, контрафактілік өнімге теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеті жоғары жастарды қолдау мәселелері айтылды. Қатысушыларға конкурсқа қатысу талаптары, өткізу мерзімдері және өтінім беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, заңнамада көзделген жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, практикалық мысалдар келтірілді.
Семинар соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конкурсқа белсенді қатысуға шақырылды.
Абай облысының аумағындағы ауылдарда іске қосылған барлық «Құқық кабинетінің» мекенжайлары.
Құқықтық кабинет – азаматтарға құқықтық ақпарат беру, заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқықтық кеңес көрсету мақсатында ұйымдастырылатын арнайы орын. Мұнда тұрғындар өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алып, қажетті заңдық түсіндірмелерге қол жеткізе алады.
2026 ж. 18 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының № 2 Халыққа қызмет көрстеу бөлімінің ғимаратында Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Е-апостиль мемлекеттік электрондық қызметін таңымал ету мақсатында ақпараттық парақтарын тарату жұмыстары жүргізілді.
2026 ж. 17 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының № 2 Халыққа қызмет көрстеу бөлімінің ғимаратында Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету және алу тәртібі, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік баж салығын төлеу тәртібі туралы тақырыбында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Әділет департаментінің маманы ресми құжаттарға апостиль қою қабылдау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік баж салығын төлеу тәртібі туралы түсіндірілді.
Семинар барысында Е-апостиль мемлекеттік электрондық қызметін таңымал ету ұсынылды.
Сонымен қатар, нотариаттық құжаттарға апостиль қоюға өтінішті қабылдау және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Семинардың мақсаты: Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін насихаттау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібін сақтау.
Семинар қорытындысы бойынша үнемі түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
🔹 2026 жылдың 13 ақпан күні ҚР II ҚАЖК «19 мекемесi» РММ мекемесінде «Заң мен тәртіп» қағидаларын ілгерету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шараға Абай облысы Әділет департаментінің бас мамандары, нотариус және жеке сот орындаушы қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.