Отбасы күні қарсаңында «Ашық есік күні»

Отбасы күні қарсаңында «Ашық есік күні»

5 қыркүйекте Абай облысының Әділет департаменті Отбасы күні қарсаңында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырды. Құқықтық кеңес беру үшін «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау залына қатысушылар жиналды.
Акция Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі, «Шығыс жастары» қоғамдық қорының директорының, Нотариаттық палатаның, заң консультанттары палатасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен өтті.