
2 сәуірде Абай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева, Асия Каленова және Данна Муратова Абай облысы бойынша филиалының «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ «Мемлекеттік Корпорация» Семей қаласының № 1 бөлімінің ғимаратында, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлеріне «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою, жылжымайтын мүліктің құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-тіркеу іс-әрекеттеріне байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
Департаментінің мамандары құжаттарды қабылдау бойынша талаптары түсіндірілді, құжаттарды апостильдеу және заңды тұлғаларды тіркеу үшін өтініш беру үшін қажетті құжаттардың тізімін ұсынды.
Семинар қатысушылары белсенді сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.