
7 желтоқсанда Абай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері құқықтық сипаттағы іс-шараларды өткізу және жергілікті жерлерде құқықтық көмек көрсету үшін Абай облысы Семей қаласының Озерки ауылдық округіне барды. Халықпен әңгімелесу мақсатында адвокат, заң кеңесшісі, нотариус және сот орындаушысы келді.
Сондай-ақ әңгіме аясында барлық ниет білдірушілерге қызметкерлер "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Президент жолдауының аспектілері туралы айтып берді. Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тегін құқықтық сипаттағы кеңестер алды.
Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі