Цифрлық трансформация – заманауи Қазақстанның басты бағыттарының бірі. Бұл үдеріс мемлекеттік басқарудың барлық салаларына, соның ішінде құқықтық жүйеге де терең еніп жатыр. Соңғы жылдары құқықтық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады. Соның жарқын мысалы – «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының енгізілуі.
«Әділет» – құқықтың цифрлық көмекшісі
«Әділет» – ҚР Әділет министрлігінің ресми құқықтық ақпарат базасы. Бұл жүйе азаматтарға, заңгерлерге және мемлекеттік қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға жедел әрі сенімді қолжетімділік береді. Алайда, заңнамалық базаның көлемі жылдан-жылға артып жатқандықтан, қажетті ақпаратты табу кейде күрделі әрі уақытты талап ететін процесс болуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін жүйеге жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастады. Олар құқықтық ақпаратты іздеуді, құрылымдауды және түсіндіруді айтарлықтай жеңілдетеді.
ЖИ не істей алады?
Бұл кімге пайдалы?
- Қарапайым азаматтарға – өз құқықтарын білу, қорғану жолдарын іздеу;
- Заңгерлерге – нормативтік құжаттармен жедел жұмыс істеу;
- Студенттер мен зерттеушілерге – заңнаманы тиімді үйрену.
Басты мақсат – әділ әрі қолжетімді құқық
Қазақстанда «Заі мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру – мемлекеттік басымдықтардың бірі. Ал бұл жолда жасанды интеллект – сенімді серіктес бола алады. Ол құқықты халыққа жақындатады, заңнаманы түсінікті етеді, ал әділеттілікке жолды қысқартады.
Жасанды интеллект – бұл болашақтың технологиясы ғана емес, бүгінгі күннің шындығы. Оның «Әділет» жүйесіне енгізілуі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттырып, Қазақстанның цифрлық құқықтық қоғамға қадам басқанын дәлелдейді.