Меню

Страницы

Статья

«Әділетті Қазақстан» ұғымы «Әдеп кодексін» сақтауға жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген кезінде, жыл сайынғы Жолдауында алдымен атқарушы билік өкілдерінің қызметі жұрт алдында зор жауапкершілік жүктейтінін үнемі айтып келеді. Осы тұрғыда қандай лауазымдағы мемлекеттік қызметкердің болмасын, бұқара халықпен байланысын тұрақтандыру керектігін атап көрсетеді. Сол тұрғыдан алғанда Президент бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымының мәнісі тереңде жатыр.
Әсіресе, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының ел басқару, билік жүргізу ісіндегі тұжырымдарына кеңінен тоқталып, оның қазір де өміршең екендігіне қоғамның айқын көзін жеткізеді.
Менің мемлекеттік қызметкер ретінде осы тұрғыдағы Президент тұжырымдарын ой елегінен екшегенде өзіндік көзқарасым айқындала түседі. Өйткені, Әділетті қоғам құру идеясын көтерген Абай сөздеріне жете зер салумен қатар бүгінгі талап бойынша жоғарыда айтылған мемлекеттік қызметкер қандай тұлға болуы тиістігіне де жете зер салады.
Президенттің мына сөздері айтқымыз келген ойымызбен шебер үндеседі.
«Өзгеріс деп байбалам салатындар еліміздің болашағын байыптамайды, жай ғана популистік идеяларға табан тірейді. Популизм теріс тенденция ретінде дүниежүзілік сипат алды.» дейді Мемлекет басшысы.
Расы керек, қазіргі күнде қандай да бір қызмет тізгіні қолға тиген кейінгі буын халық алдында қарапайым болуы тиістігін қаперге ала бермейді. Олардың қатары күн сайын «толыға түскені» де толғандырмасқа қоймайды. Бұл, бүгіннен зер салатын құбылыс. Мемлекеттік қызмет сатысында тәжірибесі толыспаған азаматтың ел алдындағы міндетіне адал қарауы неғайбыл.
Мұндай азаматтардан мемлекеттік қызмет этикасын сақтауды талап ету күн тәртібінде тұрғаны шындық. Бұл салада жұмыс істеуге келген кім болсын, бірінші кезекте «Әдеп кодексінде» көрсетілген талаптарды назарға алуға және оны қатаң сақтауға тиіс. Өйткені, Президент идеясы негізі саналатын «Әділетті Қазақстан» құру сонда ғана орындалатын болады.

Абай Облысы Әділет департаменті басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі - Самашев Жанболат Қайроллаұлы

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
«Әділетті Қазақстан» ұғымы «Әдеп кодексін» сақтауға жетелейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы