Меню

Страницы

Статья

✅ Абай облысында 179 борышкер жұмысқа орналастырылған

✅ Абай облысында 179 борышкер жұмысқа орналастырылған

Өңірде алимент төлемеген борышкерлер мәселесі шешілуде. 2024 жылы алимент бойынша 10 мыңға жуық іс орындалып, оның 900-ден астамы 1,4 миллиард теңге көлеміндегі қаржы бойынша мәселелік деп танылған. Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде бұл мәселелерді шешу үшін қазіргі таңда түрлі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.

- Бізде қабылданған шаралардың бірі- бос орындар жәрмеңкесі. Мұнда борышкерлерге жұмыс табуға және сол арқылы алимент міндеттемелерін орындауға көмектеседі. 2024 жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 179 борышкер жұмысқа орналастырылды, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, өз міндеттемелерін орындамағандар үшін мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданған. Өткен жылы 157 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішіндегі 146 іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 – бабы бойынша қаралған. Сот орындаушысы белгіленген мерзім асып кеткеннен кейін алимент төлеуге мәжбүрлеу үшін айыппұлдар салып, өсімпұлды өндіріп ала алады.

- Біз алименттерді мәжбүрлеп орындау бойынша жұмысты жалғастырамыз және бұл жұмысты одан әрі күшейтетін боламыз. Мәселелік алимент барлық атқарушы істердің көп бөлігін құрайды. Тіпті, балалардың мүддесі үшін сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданады. 2024 жылы 55 қылмыстық іс тіркелді, оның 46 – сы балаларды асырау жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты, - деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.

Дата публикации
24 января 2025
Дата обновления
24 января 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
«Әділетті Қазақстан» ұғымы «Әдеп кодексін» сақтауға жетелейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы