Меню

Страницы

Статья

Алимент қарыз емес парыз

Елімізде жылдан-жылға ерлі-зайыптылардың арасындағы
түсініспеушіліктердің салдарынан ажырасу деңгейі өте жоғары болып тұр.
Нәтижесінде келешек ұрпақ ата-ана қамқорлығын сезбей өсіп келеді. Ал,
балаларына тиесілі алиментті біреуі төлесе,екіншісі төлемей жалтарып өз
баласына деген мейірімсіздіктерін көрсетіп жүргендерде аз емес. Ата-ана
кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті болып табылады. Осыған
байланысты, жеке сот орындаушысына келіп түскен атқарушылық құжат
түскеннен кейін тиісінше заң жүзінде орындауға міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Атқарушылық iс жүргiзу және сот
орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының (әрі-қарай-Заңның) 37-бабының
4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушы атқарушылық құжат өзіне келіп
түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді
қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.
Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген
барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын
орындауға міндетті болады. Жеке сот орындаушы атқарушылық құжаттардың
орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi. Осыған
орай, борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы
(банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы
қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу, борышкердiң өзiндегі не өзге де
жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы және жылжымайтын мүлкін алып
қою, борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салуына, оның ішінде
заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салуына, сол сияқты
заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және
мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен
мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің
қолданылуын тоқтата тұруына, борышкер мүлкiне сүргi салуына болады.
Алимент бойынша берешегі болған жағдайда атқарушылық құжаттың
мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам уақыт
орындалмаса борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан
Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата
тұрады,жүргізуші куәлігін тоқтата тұру, әкімшілік және қылмыстық
жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдайды.
Алимент бойынша берешекті жеке сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды.
Жеке сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез
келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен
басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп
алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы Заңының 171-бабынының 1,2-тармағына сәйкес алимент төлеу туралы
келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және (немесе) сот шешімі
бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған
кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген
алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын
төлейді, алимент алушы алименттің уақтылы төленбеуіне кінәлі адамнан
алиментті төлеу жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл
залалының тұрақсыздық айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға
құқылы.
Жеке сот орындаушысының атқарған барлық жұмыстарын екі тарапта
(өндіріп алушы және борышкер) Атқарушылық іс жүргізу органдарының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің «Тараптар кабинетінде» бақылай
алады. Бұл Функция екі тараптыңда уақыты мен ақшасын үнемдеу үшін арнайы
жасалған.Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы жеткілікті.
Қазіргі таңда дүние мүлкін ата-анасының атына немесе туған-туыстарының
атына жазып, айлығын ең төменгі мөлшерде көрсетіп түрлі айла жасайтындар
қатары өте көп. Сондықтан борышкер ата-аналар алимент қарыз емес, парыз
екенін ұмытпағандарыңыз жөн.
Дата публикации
09 ноября 2024
Дата обновления
09 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
Жаңа Салық кодексінің жобасы: нені білу маңызды!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы