Меню

Страницы

Статья

Заңды тұлғаны өзектендіру (түзету)

2023 жылдың қазан айынан бастап заңды тұлғаларды тіркеу саласында
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ҚР Заңына сәйкес «Заңды тұлғалардың,
филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) жаңа мемлекеттік қызметі
әзірленіп, енгізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен шарттары ҚР Әділет Министрімен
10.10.2023 жылы бекітілген «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен регламенттелген.
Заңды тұлғаларды өзектендіру (түзету) заңды тұлғаның атауында қате жіберілген
жағдайда және мекен жайдың тіркеу кодын/МТК енгізу қажеттілігіне байланысты (ол
болмаған кезде) немесе жылжымайтын мүлік объектісі (көше атауы, үйлердің/
үй-жайлардың нөмірленуі) бойынша деректер өзгерген жағдайда, орналасқан жері
өзгермеген жағдайда жүзеге асырылады.
Әділет департаменті құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға,
олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни
бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктеріне, қоғамдық және діни
бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты заңды тұлғаларды өзектендіруді
(түзетуді) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны мен тәсілдері:
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде
Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы - электрондық түрде
Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күні, қызмет тегін.
Осы қызметті алу үшін құрылтай құжаттарын, заңды тұлғаның уәкілетті
органының шешімін ұсыну қажет.

Дата публикации
09 ноября 2024
Дата обновления
09 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
Жаңа Салық кодексінің жобасы: нені білу маңызды!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы