Меню

Страницы

Статья

"Электрондық үкімет" порталы арқылы заңды тұлға басшысының өзгеруі

ҚР "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңының 14-2-бабының 2) тармағы
шеңберінде басшыны өзгерту (басшыны тағайындау басшының міндетін
атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны
тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету) электрондық хабарлама негізінде
автоматты режимде енгізіледі.
Заңның көрсетілген нормаларының талаптарын басшылыққа ала отырып,
заңды тұлға басшысын ауыстыру egov.kz "электрондық үкімет" порталында
"басшының өзгергені туралы хабарлама" қызметін таңдау арқылы автоматты
режимде жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындау кезінде
өтінішті тағайындау туралы уәкілетті органның бұйрығының (шешімінің) pdf
форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, тағайындалатын
басшы береді, бұл ретте жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасы
пайдаланылады Қызмет заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеуші
органның (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің) қатысуымен
көрсетіледі
Мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарда
басшы өзгерген кезде өтінішті заңды тұлғаның электрондық-цифрлық
қолтаңбасын пайдалана отырып, қолданыстағы басшы береді Өтініш уәкілетті
органның жалпы жиналысының төрағасымен және хатшысымен келісіледі.
Қызмет тіркеуші органның қатысуынсыз автоматты режимде көрсетіледі
2024 жылғы 25 сәуірден бастап басшыны (төрағаны) ауыстыру процесі
"Мүлік иелерінің бірлестігі" ұйымдық-құқықтық нысаны бар заңды тұлғалар
үшін де іске асырылды

Дата публикации
09 ноября 2024
Дата обновления
09 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
«Әділетті Қазақстан» ұғымы «Әдеп кодексін» сақтауға жетелейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы