Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы өзекті сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы немен негізделеді? Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін қандай негіздермелер болу қажет? Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін қандай негіздемелер болу қажет?
Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптарды сілтеме арқылы таба аласыз www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/article/details/114136?lang=kk
2023 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ресми түрде жарияланды, ол жарияланған сәттен бастап 60 күн өткен соң күшіне енетінін еске салайық. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.