Меню

Страницы

Статья

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не?

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не?

ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес әрбір азамат азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқылы.  Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – оны тегін негізде алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін заң көмегі.

Мемлекет кепілдік берген заңды көмегін кім алуға құқылы?

Барлық жеке және заңды тұлғалар құқықтық ақпарат түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға құқылы.

Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда құқықтық консультация беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және ұсыну түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі:

  1. алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
  2. жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандарға;
  3. жеке тұлғаларға асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша;
  4. жеке тұлғаларға жұмысқа байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша;
  5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын жеке тұлғаларға, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлеріне, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мәселелер бойынша;
  6. кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көп балалы отбасыларға;
  7. бір айда жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кім жүзеге асырады?

Өз құзыреті шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар, нотариустар, сот орындаушылары өтеусіз негізде, сондай-ақ адвокаттар мен заң консультанттары көрсетеді, олар заң көмегін өтеусіз негізде көрсетеді және оларға төлемді мемлекет бюджет қаражаты есебінен өтейді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі қандай нысанда көрсетіледі?

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

  1. Құқықтық ақпараттандыру;
  2. Құқықтық кеңес беру.
  3. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету.
  4. Клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау үшін өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасау.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде тегін заң кеңестері халыққа онлайн режимінде қолжетімді. ҚР "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 24 - бабына сәйкес заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі-"Е-Заң көмегі"енгізілді. Платформа халықты онлайн режимінде тегін білікті заң көмегімен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

 

Альмира Идрисова Абай облысы Әділет департаментінің халыққа құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Телефон 8/7222/562299, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 26а, Instagram: @abai_adiletgov

 

 

Дата публикации
14 марта 2023
Дата обновления
14 марта 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
16 июля 2025
Жасанды интеллект «Әділет» жүйесінде: құқықтық қолжетімділіктің жаңа кезеңі  
02 мая 2025
«Әділетті Қазақстан» ұғымы «Әдеп кодексін» сақтауға жетелейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы