Қазақстан Республикасының алдында тұрған негізгі міндет – жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын құру.
Қазақстанда «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінен» тұратын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп жүйесі қалыптасты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістердің мақсаты тәртіптік жаза қолдану және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру болды.
Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады. Онда мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары - адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану айқындалған.
Мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің қызметі процесінде туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларды ескере отырып реттеледі.
Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінде көрсетілген стандарттар мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарына және қоғамның үміттеріне сәйкес келетін мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының белгілі бір стилін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әдеп кодексінің талаптары лауазым деңгейіне және жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Мемлекеттік қызметтің мінез-құлық стандарттары мен қағидаттары мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыра отырып, жаңа сапалы деңгейге көтеріледі.
Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің моральдық - адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарға елеулі көңіл бөлуде.
Әдеп кодексін тиімді практикалық қолдау тетіктерінің бірі Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық лауазымды атқаратын, сондай-ақ ұжымда танылған және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарға консультациялар береді, олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар мүдделер қақтығысы туындаған, этикалық сипаттағы жағдайларды шешкен жағдайда консультация алу үшін Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп кодексінің басты міндеті қоғамның мемлекеттік қызметке оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің әдеп мәселелері бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 26а үй, 301 кабинет, телефон: 8(7222) 56-22-99
Әдеп жөніндегі уәкіл
басшының орынбасары
Абай облысының Әділет департаменті
Самашев Ж. К.