Абай облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

Абай облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы  атқарылған жұмыстар туралы (30.11.2023ж. жағдайға)

АҚПАРАТ

 

2023 жылдың 11 айында Департаменттің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 39  іс – шаралар өткізілді: мақала -12, семинарлар -  7, дәрістер– 4 , дөңгелек үстел- 3,  интернет-ресурсқа – 13.       

Абай облысы Әділет департаментінің қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша талдау жасалынды. Талдауға сай әдеп нормаларын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту фактілері 2023 жылдың 3  тоқсанында департамент қызметкерлері арасында  орын алмады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерінде консультациялық көмек көрсетеді.

Қызметке жаңадан келген жас мамандарға қызметте белгіленген шектеулерді сақтау қажеттілігі туралы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, абыроймен қызмет атқару қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қағидаларды түсіндіру жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 16 тармағы бойынша: Абай облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында 3 мәрте семинар жүргізілді (семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен  қоғамда орын алып жатқан жат әрекеттер (қоғамдық орында масаң күйінде жүру, автокөлік жүргізу, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, ұсақ бұзақылық және мемлекеттік қызметтің беделіне кір келтіретін өзге де жағымсыз іс-әрекеттер жасамау қажеттілігі туралы ескерту профилактикалық түсіндіру жүргізілді).

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерге «Пара беру» және «Пара алу», «Қызметтік міндеттерін асыра пайдалану» және т.б. тақырыптарда тоқсан сайын кездесулер өткізіліп отырады. Заңнамамен сыбайлас жемқорлық үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы қызметшілермен дөңгелек үстел/тренинг өткізілді.

Ағымдағы жылдың 13 шілде күні Абай облысы Әділет департаментінің филиалы Жарма ауданаралық сот актілерін орындау бөлімімен Көкпекті ауданының қаржы бөлімінің қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дәріс өткізілді.

21 шілде - Абай облысы Әділет департаментінің  филиалы Жарма ауданаралық сот актілерін орындау бөлімімен «Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқылды.

27 шілде - Абай облысы Әділет департаментінің филиалы Үржар ауданаралық сот актілерін орындау бөлімімен Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.

27 шілде - Абай облысының Әділет департаментінің филиалы  Семей қаласының  ауданаралық сот актілерін орындау бөлімімен, атқарушылық өндірісті қамтамасыз  ету бөлімімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп Қазынашылық департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл тақырыбында семинар жүргізілді.

28 шілде- Жарма ауданаралық сот актілерін орындау бөлімімен Көкпекті ауданының экономика бөлімінің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   мәселелері бойнша дәріс оқылды.

28 шілде- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында Абай облысы Әділет департаментінің әлеуметтік желісінде мақала жарияланды.

Тамыз айында - Зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен «Сыбайлас жемқорлық туралы» мақала жарияланды.

23 тамыз- Абай облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасарымен, бөлім басшылар және қызметкерлер  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

28 қырүйек-  Әкімшілік бөлімінің бас маманымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында Әділет департаментінің Инстаграм парақшасында тікелей эфир жүргізді.

29 қыркүйек- Әкімшілік бөлімімен «Семей таңы» газетасында «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында мақала жарияланды.

03 қазан- Жарма ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы Р.Толисбаевпен Абай облысы білім басқармасының  «Жарма ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқылды.

10 қазан - Жарма ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімінің басшысы- аға сот орындаушысы А.Шагировамен  Абай облысы Ақсуат ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқылды.

27 қазан - Жарма ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімінің басшысы- аға сот орындаушысы А.Шагировамен «Жарма аудандық қазынашылық басқармасы» РММ-нің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқылды.

7 қарашада- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын түсіндіру мақсатында  Alikhan Bokeikhan University білім алушыларымен кездесу өткізілді. Студенттермен әңгімелесуді Абай облысы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Аида Кельдинова  және Әділет департаменті атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Берик Елеусизов жүргізді.

Семинар барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарының ережелері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндірілді, этикалық нормалардың сақталуы және жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін білді.

8 қарашада- Абай облысы Әділет департаментінің Үржар ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Абай облысы Әділет департаментінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарын орындау мақсатында: Абай облысы Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл  тақырыбында семинар өткізілді.

8 қарашада -Абай облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы А.Махметов «Ракишев» жеке кәсіпкерлердің ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері» тақырыбында құқық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

10 қарашада- Абай облысы Әділет департаменті инстаграм парақшасында Жемқорлықсыз қоғам тақырыбында мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінде әлемнің көптеген елдері үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық азаматтық қоғамның, демократиялық, әлеуметтік және экономикалық институттардың дамуына кедергі келтіретін зұлымдық болады және болып қала береді. Адамзат тарихында мемлекет пен қоғамдық басқарудың дамуымен сыбайлас жемқорлық дамыды, бұл құбылыс үнемі түрленіп отырады.

10 қарашада- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Абай облысының  Әділет департаментінің Жарма ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Руслан Толисбаев «Абай облысының  еңбек мобильдігі орталығы» КММ филиалының «Абай облысының Жарма ауданының мансап орталығы» қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқыды.

13 қарашада- Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніне қатысты сауалнама өткізілді.

Сауалнамаға қатысқандар – 28 мемлекеттік қызметткер.

15 қараша- Абай облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Ақсұңқар Махметов «Абай агро Кредиттік серіктестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжмына ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

15  қарашада -Бесқарағай  ауданы Таралым аумағы «Біздің Бесқарағай» газетінің № 43 (185) шығарылымында «Жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» атты тақырыбында Абай облысы Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы  Айдана Асылкановнаның мақаласы жарияланды.

16 қарашада -Абай облысы Әділет департаментінің Жарма ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы Ажар Шагирова «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің мәжіліс залында мектеп ұстаздары мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс оқыды.

16 қарашада -коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Сауле Галиеваның «Шынайы қоғамда өмір сүру» атты тақырыбында «Семей таны» газетінде № 1231854 шығарылымында  мақаласы жарияланды.

16 қарашада- Абай облысы Әділет департаментінің Үржар ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Абай облысы Әділет департаментінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарын орындау мақсатында: Абай облысы Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Аягөз ауданы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы семинар өткізілді.

17 қарашада- Жарма ауданаралық «Қалба тынысы» газетінің № 46 (19305) шығарылымында «Жемқорлыққа қарсы күрес – азаматтардың ортақ міндеті» атты тақырыбында Абай облысы Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Айдана Асылкановнаның мақаласы жарияланды.

19 қарашада- Көкпекті аудандық «Жұлдыз» газетінің № 47 (9260) шығарылымында «Жемқорлыққа қарсы күрес – азаматтардың ортақ міндеті» атты тақырыбында Абай облысы Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы  Айдана Асылкановнаның мақаласы жарияланды.

Ай сайын Әкімшілік бөлімімен Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалнама жүргізіледі.

Тұрақты іс-шаралар жүргізіліп отырады.

Абай облысы Әділет департаменті

 

Абай облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
30 ноября 2023