Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Абай облысы Әділет департаментінің қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы №417 қаулысымен "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" РММ-нен "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Абай облысының Әділет департаменті" РММ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Абай облысының Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2022 жылдың 24 маусымында құрылды.

Департаменттің қарамағында 5 аумақтық бөлімше бар: Семей қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Жарма ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Үржар ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы, Үржар ауданының ауданаралық Әділет басқармасы, сонымен қатар Департаментте 6 бөлім қызметін атқарады.

Абай облысының Әділет департаментінің жалпы штат саны 46 бірлікті құрайды.

Әділет департаментінің қызметі туралы ақпарат
Дата публикации
12 апреля 2023