Абай облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы стандарты

Абай облысы

Әділет департаменті

басшысының м.а.

«22» шілде 2022ж.

№02-05/6н ­­­­­­­бұйрығына қосымша

 

 

 

 

Абай  облысы Әділет департаментінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл туралы стандарты

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: РММ «Абай облысы Әділет департаменті» (бұдан әрі – Департамент).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы: құқықтық қамтамасыз ету.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қызметкерлер өз қызметінде міндетті:

- заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарын басшылыққа алуға;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын-алуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасын сақтауға дербес жауапты болуға;

 - тұлғалардың қызметіне ықпал жасау үшін жеке сипаттағы мәселелерді және т.б. шешуде қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

- заңдылық қағидатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының

Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарын сақтауға;

- әріптестерден бір-бірін қолдау мен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттер жасаудан және кіріс алумен ұштасқан кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуге тартынуға;

- жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудын қиындататын әрекеттерді (әрекетсіз) болдырмауға;

- басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндіруге;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындағаны үшін жеке және заңды тұлғалардан сыйақы, соның ішінде ақшалай қаражатты, қызметтерді, сыйлықтарды, тауарларды қоса алғанда сыйақы қабылдамауға;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға жол бермеу;

- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартуға;

- ақиқатқа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға;

- өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауға;

- негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен ағаттыққа жол бермеуге;

- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жүгінген адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге. Тіркеуші – маман қызмет алушымен жеке жалғасуды болдырмау;

- тексеру жүргізген кезде тексеру парақтарында белгіленбеген талаптарды орындауға жол бермеуге, әсіресе, мұндай талаптар Департамент құзыретіне жатпаса;

- егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етпеуге міндетті;

тексеру жүргізудің белгіленген уақытын асырмауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларында  қарастырылған жағдайларды қоспағанда, бір кезең ішінде бір мәселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен немесе өзге де мемлекеттік органмен оған қатысты бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектілерге (объектілерге) тексеру жүргізбеуге;

- әділет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген мерзімнен аспауға.

 

  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

- функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

- жеке және заңды тұлғаларға басымдық бермеуге, қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

- заңдылығына күмәнді екендігі жөнінде хабарлауға;

- тез арада басшылыққа жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы баяндауға;

- бағынышты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіліктерінің міндеттері мен көлемін нақты және айқын анықтауға;

- мүдделер қайшылығын болдырмауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөніндегі шаралар қабылдауға;

- егер тікелей басшының өзі мүдделер қайшылығына тартылған болса, жоғары басшылыққа жүгінуге;

- қол астындағы лауазымды тұлғалардың арасында бірқалыпты емес еңбек жүктемесін болдырмауға;

- олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалауда, сондай-ақ мадақтау және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдікпен объективтілік танытуға ықпал көрсету;

- сыбайлас жемқорлықты алдын алудың түбегейлі шараларын қабылдауға;

- жұмыстан тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағынышты тұлғалардың қызметіне қызметтік жағдайы пайдаланбауға;

- шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

- тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, тексеруші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

- тексеруді Қазақстан Республикасының Кодекстерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте және негізде жүргізуге;

- тауар белгілерін заңсыз пайдалану бойынша жоспардан тыс тексерулерді тек қана құқық иеленушілердің арыздары бойынша, жоғарыда тұрған органнан және құқық қорғау органдарынан түскен өтініштері бойынша жүргізу;

- тексеру жүргізу кезінде тексеруші субъектілердің белгіленген жұмыс тәртібіне бөгет жасамауға;

- тексеріс жүргізу кезінде тексеруші субъектіге бөгет жасамауға, тексеріс тақырыбы мәселелерге қатысты түсіндірме беруге;

- тексеруші субъектіге тексеру жүргізу кезінде тексеріс тақырыбына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті;

- жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында даулы жағдайлар туындаған кезінде дереу басшылығына хабарлап, тексерілетін тұлғамен дауласуға қатыспай, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын ұстану қажет;

- тексеруші субъектіге тексеріс аяқталған күні өткізілген тексеріс туралы актіні табыстауға;

- тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етуге;

- Департаменттің құзыреті шегіндегі шарттық міндеттемелер шеңберінде көрсетілген қызметтер туралы актілердің орындалуына тексеруді жүргізуге және оларды қабылдауды жүзеге асыруға.

 

  1. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде:

- өзінің лауазымдық және онымен байланысты міндеттерін жеке мүліктік және мүліктік емес мүмкіндіктерді алуға пайдаланбау;

- дөрекілік фактілерін, адамның адамгершілігін кемсіту, тәртіпсіздікті, қисынсыз іс-әрекетті болдырмау;

- сұратуларды қабылдағанда негізсіз бас тартуға, оларды қарастыруды кешіктірмеуге және күмәнді мәлімет деректерін ұсынуға жол бермеуге;

- кадрларды іріктеп алу және туыстық, жерлестік және жеке адалдық жағдай бойынша таңдап алуға жол бермеу;

- анық орындалмайтын өкімдерді немесе олардың қызметтік міндеттемелер шеңберінен шығатын, сондай-ақ, заңнамаға қарама-қайшы келетін тапсырмалар бермеу;

- бағынышты қызметкерлерін, сондай-ақ өзге лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мәжбүрлемеу;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, еркіндігі және заңдық мүдделерін сақтау және қорғау, олардың өтініштері мен оларды шешуге қажетті шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру;

- қызметті өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес іске асыру;

- қызметтік этиканы сақтау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәлім болған оқиға туралы жедел Департамент (немесе) құқық қорғау органдарының басшылығына жеткізу;

- Қазақстан Республикасының заңында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және т.б. жауапкершілік көзделген тәртіпсіздік және өзгеде құқық бұзушылыққа жол бермеуге тиіс.

 

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымсалулар:

Қызметкерлерге тыйым салынады:

- мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет атқаруға кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

- педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

- өкiлдi органның депутаты болуға;

- өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

- өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

- ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының біргеқызмет (жұмыс) істеуіне;

- мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынға нақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануға.

 

 

Дата публикации
22 июля 2022