Жылжымайтын мүлік құқықтарды мемлекеттік тіркеу - «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңымен мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;
Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі негізінде, сондай-ақ Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы занының 72-бабына сәйкес жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);
3) үшінші кезекте – тұрғынжай.
1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;
3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.