Абай ауданының қоғамдық кеңесінің құрамы
Қасеева Гүлмира - зейнеткер;
Бозанбаева Бақыт Мұсабекқызы - зейнеткер;
Мырзақасым Әсет Медеуханұлы - зейнеткер;
Акрам Жібек Жанарбекқызы - «Абай елі» газетінің директоры, бас
редакторы;
Есенғарин Арафат Нұрсаматұлы - Жеке кәсіпкер;
Еділбаев Марат Сейітжағпарұлы - зейнеткер;
Қамбарова Жадыра Оралбекқызы - ішкі саясат, мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің есепшісі;
Қарақабақова Мадина Доғалбекқызы - «Балдәурен» балабақшасының
меңгерушісі;
Сагындыкова Нургуль Максутовна - Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
басшысы.
Абай ауданы бойынша Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығынасәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 9 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Абай аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.
Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2025 жылғы 8 ақпаныннан 2025 жылғы 21 ақпанына дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ге дейінгі үзілісі бар уақытта Құнанбай көшесі 14, 21 каб. мекенжайы бойынша, maslihatabay@mail.ru, электронды поштасы арқылы қабылдайды.
|
|
Абай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасына |
Өтініш
Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін өз кандидатурамды ұсынамын. Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
2025 жылғы "____" ақпан Өтініш берушінің қолы ___________
Абай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы
|
№ |
А.Т.Ә |
Лауазымы |
|
1 |
Мұқажан Серік Бимұратұлы |
Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
|
2 |
Нұрсұлтанұлы Мақсат |
Абай аудандық мәслихатының төрағасы |
|
3 |
Орынғожина Лаура Советқызы |
Абай аудандық мәдениет үйінің директоры |
|
4 |
Битенова Асель Тасболатовна |
«Дерикар» ЖШС-і директорының орынбасары |
|
5 |
Қабеп Жарас Сәбитұлы |
Жеке кәсіпкер |
Абай аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Абай аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Абай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 5 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек. Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматардың ұсынысы негізінде жасақталады.
Абай аудандық мәслихаты 2025 жылдың 29 қаңтарына дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, жоғарыда көрсетілген мерзімде Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, сағ. 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ге дейінгі үзілісі бар уақытта, maslihatabay@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды.
|
Қоғамдық кеңес туралы |
|
|
|
Нысан |
|
|
Кімге _____________________ |
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ______
Абай аудандық мәслихаты Абай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды
Абай аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Абай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды.
Абай аудандық мәслихаты 2025 жылғы 16 қаңтардан 29 қаңтарына дейін (қоса алғанда) азаматтардан қосымшаға сәйкес нысан бойынша Абай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ғадейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сенбі және жексенбіден басқа күндері, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, мекенжайы бойынша жүргізіледі, құжаттар қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы қабылданады maslihatabay@mail.ru
Өтініш нысаны
|
|
Нысан |
|
|
Кімге ______________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________
Мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменовтің төрағалығымен облыстық және аумақтық филиалдардың Атқарушы хатшылары, қала және аудан мәслихат төрағаларының қатысуымен жиын өтті.
Кездесу барысында Сайлауалды бағдарлама мен Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жұмыс барысында белсенділікті арттыру мәселесі көтеріліп, бірқатар тапсырма жүктелді. Мәслихат төрағасы жүктелген барлық міндетті тиісті деңгейде және уақытылы орындалуы керек екендігін жеткізді.
ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен Абай облысы мәслихаты және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «Senat Open» шахмат турнирінің чемпионаты өтті. Турнирге облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдерінен 100 ге жуық адам қатысты.
Ашылу салтанатына Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Республикалық шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко қатысып, ақыл-ой спортын насихаттауға бағытталған бастамаға қолдау көрсетті.
Турнирдің мақсаты – талантты шахматшыларды табу ғана емес, сонымен қатар қоғамға шахматтың ұлттың зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін өнер мен ғылым ретіндегі маңыздылығы туралы білім беру. Абай облыстық мәслихатының депутаттары өңірде шахмат спортын дамытуға зор қызығушылық танытып келеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады. Жеті өңірде аталған ойынды үйрету үшін пилоттық жоба қолға алынған. Бұл бастама 42 мектеп пен 1000 оқушыны қамтып отыр.
Абай облысы, Абай ауданы мәслихатының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабының, 13-бабының, 17-бабының ережелеріне сәйкес Абай облысы, Абай ауданының мәслихаты аумақтық және 13 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.
Сайлау комиссиясы өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 10 қарашадан 1 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша тиісті маслихатқа жолданған өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлекаға-інілері мен ап-сіңіллері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Абай аудандық мәслихаты
Нұрсұлтанұлы Мақсат – Абай ауданының мәслихат төрағасы.
Мәслихаттың тұрған орны: Қарауыл ауылы, Құнабай көшесі 14.
Жауапты тұлға – Махат Ербол Мұхтарбекұлы, № 21каб, аудандық телефон коды (872252), 9-21-85, 8-701-605-60-12, электрондық пошта мекенжайы: maslihatabay@mail.ru
Абай аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
мүшелерін және 13 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
|
№ р/б |
Комиссияның түрі |
Сайлау комиссиясының тұрған орны
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Абай аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
|
|||
|
|
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы № 1 |
Қарауыл ауылы, Ералы көшесі №4 Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
7 |
|
Участкелік сайлау комиссиялары– 13
|
|||
|
1. |
№ 162 |
Қарауыл ауылы, Мамай көшесі, №40 Мәдениет үйі. |
7 |
|
2. |
№ 163 |
Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі, №40 «Абай» колледжі. |
7 |
|
3. |
№ 164 |
Қарауыл ауылы, Молдагалиев көшесі №34, Жастар үйі. |
7 |
|
4. |
№ 165 |
Қарауыл ауылы , Молдагалиев көшесі №13, аудандық ІІД |
5 |
|
5. |
№ 166 |
Кеңгірбай би ауылы, Сүндетбай көшесі №13, Шәкәрім атындағы орта мектебі |
7 |
|
6. |
№ 167
|
Көкбай ауылы, Көкбай көшесі №15, Көкбай атындағы орта мектебі. |
7 |
|
7. |
№ 168
|
Кұндызды ауылы,Ш.Әбенов көшесі №2, ШӘбенов атындағы орта мектебі. |
7 |
|
8. |
№ 169 |
Архат ауылы, Мамай көшесі – 30, Бекбосынов атындағы орта мектебі. |
7 |
|
9. |
№ 170 |
Орда ауылы, Мырзабеков көшесі №44, Мамай атындағы негізгі орта мектебі |
7 |
|
10. |
№ 171
|
Қасқабулақ ауылы, Абай көшесі №30, М.Әуезов атындағы орта мектебі. |
7 |
|
11. |
№ 172 |
Саржал ауылы, Ж.Жакин көшесі №48, Тоқжігітов атындағы орта мектебі. |
7 |
|
12. |
№ 173 |
Токтамыс ауылы,ШӘзімбаев көшесі №30, Молдағалиев атындағы орта мектебі. |
7 |
|
13. |
№ 174 |
Медеу ауылы, Тұрағұл.Абайұлы көшесі №13, Медеу атындағы орта мектебі. |
7 |
Абай аудандық мәслихаты
2023 жылдың 30 наурызында сегізінші шақырылған Абай аудандық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Абай ауданының әкімі Н.О.Абдыкаримов, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Сессияда Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Ерденбеков мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Абай ауданында өткен сайлау қорытындысы бойынша сөз сөйледі.
Сайлау қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттары болып: «АMANAT» партиясынан - Е.Е.Құдайбергенов, И.Е.Ошақбаева, Б.Е.Қалбабаев, М.Нұрсұлтанұлы, А.Б.Ақболатов, А.О.Сейтенов, А.Б.Елубаев, А.Ө.Ақылбеков, Е.А.Әбішев, «Ақжол» партиясынан А.А.Мұқатаев.
Депутаттардың ашық дауыс беруімен Мақсат Нұрсұлтанұлы сегізінші шақырылған Абай аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Сессия барысында мәслихат қызметін ұйымдастыру жөнінде шешімдер қабылданды, тұрақты комиссиялардың құрамдары құрылып, бекітілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын Абай облысы бойынша
сайлау туралы таңдаушыларға ақпарат
Облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 38-бабының 4-тармағына сәйкес Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат сайлау бойынша дауыс беру басталатын уақыты 2023 жылғы 14 қаңтар сағат 11.00-ге белгіледі.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беруге арналған пункт 2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00 ден бастап таңдаушылардың бірлескен отырасы өтетін жерде: Семей қаласы, Абай көшесі 86, Абай атындағы кітапхана мекенжайында ұйымдастырылады.
Абай облысы мәслихатының аппараты