
2025 жылғы қаңтар-ақпандағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті және 74,6 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 74,2%-ын құрады және 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 18,9%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 42,6%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,9%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,1%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 56,4 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75,6%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,6%, Жарма ауданына –4,5%-дан, Үржар ауданына –3,2%-дан,Бородулиха ауданына -3% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,6% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,9%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,4%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,2%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2025 жылғы қаңтар-ақпанында көтерме сауда көлемі 41,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 120,3% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 75,6%-ды, азық-түлік тауарлары – 24,4%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы