
2024 жылғы 1 қаңтарға Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 602,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,3 мың (62,1%), ауылдықтар – 228,6 мың адам (37,9%). 2024 жыл басымен салыстырғанда халық саны 4,7 мың адамға немесе 0,8%-ға кеміді.
Халықтың табиғи қозғалысы
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда (4499 адам) 9,3%-ға өсіп, 4081 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,74 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2024 жылғы қаңтар - желтоқсанда туылғандар саны 9521 адамды құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,1%-ға аз (9926). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 15,73 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 5440 адамды құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар - желтоқсанға қарағанда 0,2%-ға аз (5427 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,99 қайтыс болғандарды құрады.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсада облыста 1 жасқа дейін шетінеген 71 нәресте тіркелді және 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (60 шетінеген нәресте) 18,3% есе көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,46 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2024 жылы 12 айында облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 12592 адамды, елімізден кеткендердің саны - 21380 адамды, көші-қонның айырымы – 8788 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-79 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 468 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 74,5% және 86,3% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі, 70 адам келіп және 468 адам көшіп кеткен.
Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 27 адам құраса, кеткендер саны - 74 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен мен Моңғолиямен оң сальдо қалыптасты.
Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 12486 адамға азайған, келгендер - 20838 адам құраса, кеткендер - 8352 адам құрады.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.
Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.
Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.
Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.
www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика
|
Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы