Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

2025 жылғы қаңтардағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті және 37,1 млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,8%-ды құрады.

Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 71,6%-ын құрады және 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,5%-ға көбейді.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға азайды және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 41,7%-ын құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,6%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,4%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 27,5 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 74,1%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,9%, Жарма ауданына –5%-дан, Үржар ауданына –3,5%-дан,Бородулиха ауданына -3% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,5%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,2%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

2025 жылғы қаңтарында көтерме сауда көлемі 19,4 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 120,3% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 75,8%-ды, азық-түлік тауарлары – 24,2%-ды құрайды.

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы

 

Орындаушы:

Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің  басшысы: Г.Т.Толегенова

Тел. +7 7222  362612

Баспасөз қызметі:

А.Б.Исатова

Тел. +7 7222 565732

 

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Абай  облысы бойынша департаменті