
Татарстан Республикасында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың мүсіні ашылды. Салтанатты шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммитіне жұмыс сапары аясында өтті.
Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпова, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.
Ескерткіштің ашылуы Қазақстан мен Татарстан халықтары арасындағы достық пен рухани туыстықтың символына айналды. Ескерткіштің авторы – жерлесіміз Нұрбол Қалиев.