2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары
   

 

www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

№ 968

2024 жылғы  17  қазан

 

2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

 

2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 455,2 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейге қатысты алғанда 101,6%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,7%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,5%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  1 014,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 2,2%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 2,3%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 399,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 99,7%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 36,4%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 2,3%-ға байқалды.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 35,9 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 117,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 25,0%-ге өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 5,5 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 15,8%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 35,0%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде –  2,2%-ға байқалды.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,2%-ы), Жарма ауданында – 20,2%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,6%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,2%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді.

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

 

Орындаушы:  өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы

А.Т.Майкибаева

Тел. +7 7222 52-49-18

Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы

Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы