
|
|
www.stat.gov.kz |
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 959 2024 жылғы 14 қазан |
Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
2024 жылғы қаңтар-қыркүйегінде жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға өсті және 401,9 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 63,2%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 15,0%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 38,7%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,5%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,5%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 306,7 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,3%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,8%, Жарма ауданына –4,6%-дан, Үржар ауданына – 2,6%-дан,Бородулиха ауданына -2,6% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,2% (Курчатов қаласы) 1,0%-ға дейін (Абай ауданы) , 1,0%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,2%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) ,1,0%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,7%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйегінде көтерме сауда көлемі 241,9 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 114,1% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 69,9%-ды, азық-түлік тауарлары – 30,1%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы : Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Баспасөз қызметі: А.Б.Исатова Тел. +7 7222 565732
|
Адрес: 071400, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Абай облысы бойынша департаменті