Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылыс барысының көрінісі

Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылыс барысының көрінісі

Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы жалғасуда.

Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпірдің 9 тірегі және 8 аралығы болады. Көпірдің жалпы ұзындығы 1350 метрді құрайды, оның 810 метрі көпірдің негізгі бөлігіне, ал қалған 540 метрі екі жағынан орналасқан қосымша автомобиль жолдарына тиесілі. Ені – 23 метр.

Жаңа көпір қаладағы көлік кептелісін азайтып, көлік ағынын ретке келтіруге мүмкіндік бермек.