
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Тұрғындар өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің ресми сайты.
Абай облысы әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:
Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/vote_abai_bot
- Бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.