
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы талқыланды.
2024 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі шамамен 99% (3 млн аса) қызметті құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары (98%).
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына және бекітілген жоспарларға сәйкес, 37 мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 17 жергілікті атқарушы орган, 20 ведомстволық бағынысты ұйым тексерілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 119 ұсыныс әзірленді.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті тапсырмалар берді. Қала мен аудан әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы тапсырмалардың орындалуын күнделікті бақылауға алу тапсырылды.