Биыл Бородулиха ауданында егіс көлемі 356 716 гектарды құраса, оның 161 674 гектары дәнді дақылдар, 149 564 гектары майлы дақылдар.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, төмендегідей астық көлемі жиналды:
- Қара бидай: 130 га, жалпы өнім 390 тоннаны құрады;
- Күздік бидай: 180 га, жалпы өнім – 360 тонна;
- Сұлы: 145 га, жалпы өнім – 278 тонна;
– Бидай: 1033 гектар, жалпы өнім – 1550 тонна.
Қазір Новодворовский, Таврический, Новопокровский және Подборный ауылдық округтерінде егін жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр.