
2023 жылы Абай облысында 245,6 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстары (қызметтері) орындалды, бұл 2022 жылға қарағанда 28,3% артық.
Технологиялық құрылым бойынша облыстағы құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі құрылыс монтаж жұмыстарына тиесілі –83,5% (205,1 млрд. теңге), қалған бөлігі тиесінше – 8,8% (21,5млрд. теңге) және 7,7% (19,0 млрд. теңге) ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарына тиесілі болды. Қалалар мен аудандар бойынша, 2023 жылы Семей қаласы – 45,0% (110,5 млрд. теңге), Аягөз қаласы – 18,6% (45,6 млрд. теңге) және Үржар ауданы – 12,5% (30,6 млрд. теңге) көш бастап тұр.
Салынып жатқан объектілердің түрлері бойынша ең үлкен көлем – 64,4% (158,2 млрд. теңге) ғимараттардың құрылысында, 18,0% (44,3 млрд. теңге) - тұрғын үй құрылысында тіркелді, және 17,6% (43,1 млрд. теңге) – тұрғын емес ғимараттарда.
Әдіснамалық түсініктемелер
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жасалған мердігерлік шарттар бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының тұрақтылығы жатады.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Құрылыс статистикасы
|
Орындаушы: Г.Ш. Абдулганиева Тел. +7 7222 523449 |
Қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің басшысы: Е. Миллятбеков Тел. +7 7222 523449 |
Адрес: 071400, Семей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы