Абай облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар

Абай облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар

2023 жылғы негізгі капиталға салынған инвистициялардың көлемі 527,4 млрд. теңгені немесе 2022 жылға 123,1% құрады. Инвестициялардың республикалық көлемінде (3%) үлестік салмақ бойынша облыс 15 орынды иеленді.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 61%, республикалық бюджет қаражаты – 10%, жергілікті бюджет – 12,6%, банк несиелері – 4,3%, басқа да қарыз қаражаттар – 12,1% құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінен тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруге – 19,1%, көлік және жинақтауға – 17,2%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 13,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 13,2%, өңдеу өнеркәсібіне – 8%,  электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға– 5,6%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет– 4,6%, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру-4%, құрылысқа – 3,9%, білім беру және денсаулық сақтауға – 4,5% бағытталды.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – инвесторлардың жаңа құрылысқа, реконструкциялауға кеңейтуге, сондай-ақ объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңартуға, машина, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы.

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Инвестициялар статистикасы

 

Орындаушы:

С.М. Толеубекова

Тел. +7 7222 362645

Қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің басшысы:

Миллятбеков Е.Е.

Тел. +7 7222 523449

 

Адрес:

071400, Семей қаласы

Мәңгілік Ел көшесі, 25

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы