
2023 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары 38,5 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі алдынғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеді.
Облыс кәсіпорындары ластаудың барлық стационарлық көздерінен шығатын ластаушы заттардың жалпы санынан ластаушы заттардың 82,9% ұстап алып, залалсыздандырды.
Ластаушы заттар шығарындыларының ең көп көлемдері Семей қалалық әкімшілігі (22,2 мың тонна), Аягөз ауданы (5,0 тыс.тонн), Жарма ауданы (4,2 тыс. тонн) және Бородулиха ауданы (3,3 тыс. тонн) аумақтарында шоғырланған.
Есепті жылда облыстың ауа бассейіне көміртегі тотығы 13,2 мың тонна, бейорганикалық шаң – 10,6 мың тонна, күкіртті ангидрид – 5,6 мың тонна, азот диоксиді – 3,6 мың тонна, тағы басқа ерекше ластаушы заттар түсті.
________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсіндірмелер
Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары – шығарындылардың тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) көздерінен (халықтың денсаулығы немесе қызметіне, қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер ететін) ластайтын заттардың атмосфераға түсуі.
Ұйымдастырылған тұрақты көздерге зиянды заттар газ қалдықтары және ауа айдаушы жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.
www.stat.gov.kz/Ресми статистика/Салалар бойынша/ Қоршаған орта статистикасы
|
Орындаушы: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысының м.а. М.У. Шокбатарова Тел. +7 7222 52-49-18 |
Мекен-жайы: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы